Тәуелсіз кәсіби бірлестік. Қазақстан әлеуметтанушыларының бірінші Конгрессінде құрылған. 2003 жылдың наурыздан бастап – Халықаралық әлеуметтанушылар қауымдатығының (ISA) тұрақты мүшесі.
- ҚӘҚ жоғары органы – Қазақстан әлеуметтанушыларының конгрессі. Қауымдастықтың президенті - әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Тажин Марат Мұханбетқазыұлы, вице-президенттер - әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Биекенов Кеңес Үмбетжанұлы және әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Сейдұманов Серік Тұрарұлы, директор - әлеуметтанушылық ғылымдарының докторы, профессор Шаукенова Зарема Кәкенқызы.
- ҚӘҚ халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференцияларды өткізеді, мамандырылған басылымдарды басып шығарады.
- Қауымдастық еліміздің жоғары оқу орындарында оқитын дарынды студенттер үшін арнайы стипендияларды тағайындады. 2003 жылы күзде Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетте бірінші рет стипендиялар тапсырылды. ҚӘҚ іс-шараларды ұйымдастырып өткізуге мемлекеттік органдар – ҚР Президентінің Әкімшілігі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі; оқу орындары - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университет, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Яссауи атындағы Қазақ – Түрік университеті, аймақтық университеттер; халықаралық ұйымдар – «Сорос-Қазақстан» қоры, Қазақстандағы ЕЫҚҰ Қазақстандағы өкілдігі, Қазақстандағы БҰҰДБ Өкілдігі, «Филипп Моррис –Қазақстан».
- Қазақстан әлеуметтанушыларының өкілдігі Турцияның, Әзірбайжанның, Ресейдің ұқсас құрылымдарымен қарым-қатынасты жөнге салды. Қауымдастық өкілдері 2003 жылғы қыркүйекте Ресей әлеуметтану-шыларының екінші конгрессінің, 2005 жылғы қараша айында Коджаелиде (Түркия) өткізілген Түрік әлемі әлеуметтанушыларының бірінші конгрессінің (http://www.turksosbir.org/site/) жұмысына қатысып, Қазақстанда екінші конгрессті өткізу туралы ұсынысын білдірді әрі ҚӘҚ Түрік әлемі әлеуметтанушы-ларының екінші конгрессінің ұйымдастырушылары болуға ықылас білдірді.
Қауымдастық қазіргі уақытқа сай қазақстандық қоғамда әлеуметтік және саяси өлшемдердің әдістемесі мен әдіснамасын жетілдіру жөніндегі жұмысты жүргізіп, ғылыми зерттеулерге белсенді қатысады.
ҚӘҚ қазақстандық қоғамның әлеуметтік – саяси стратификациясын зерттеу, электоралды және этнокөші-қон үрдістері бойынша жобаларды жүзеге асырды.